Бас директордың орынбасары

Білімі: жоғары білім энергетикалық (жақсырақ) немесе экономикалық

Кәсіби сертификаттардың/ сертификаттардың болуы: құпталады

Қажетті тәжірибе: Жалпы еңбек өтілі кемінде 10 жыл және басшылық лауазымдарда 5 жыл жұмыс тәжірибесі (Энергетика немесе экономика саласында жақсырақ)     

Қажетті құзыреттер және олардың деңгейі:

- Электр энергетикасы саласындағы заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерді білу;
- Электр энергетикасы нарығының жұмыс істеуі саласындағы, серіктестік қызметінің түрлері бойынша білім;
- бизнес-процестерді ұйымдастыруды білу: жоспарлау және экономикалық талдау, негізгі қызмет бойынша шарттық жұмыс;
- шарттық қатынастар шеңберінде қарым-қатынас құру және өзара іс-қимыл жасау дағдылары

Негізгі лауазымдық міндеттері:

1) жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелердің ағымдағы қызметіне басшылық жасау;    
2) Өз құзыреті шеңберінде серіктестіктің ішкі құжаттарына өзгерістер енгізуді үйлестіреді;
3) серіктестіктің негізгі қызметі бойынша басқарушылық шешімдер қабылдау кезінде талдамалық қолдауды ұйымдастыру жөніндегі жұмысқа қатысады және үйлестіреді;
4) бизнес-процестер мен жүйелерді жақсарту және жетілдіру жөніндегі жұмысқа қатысады және үйлестіреді;
5) негізгі қызмет бойынша қажетті есептерді дайындау жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
6) серіктестіктің даму жоспары бойынша жұмыстар кешенін үйлестіреді;
7) серіктестік қызметінің мақсаттарына қол жеткізу үшін негізгі қызмет бойынша шарттық жұмыс бойынша процестерді үйлестіреді;
8) еңбектің уәждемесі мен өнімділігін тұрақты арттыру үшін қажетті жағдайларды қалыптастыру және қолдау мақсатында Есеп беретін бөлімшелердің коммуникациясын ұйымдастырады
Артқа