Электр энергиясы нарығы департаментінің тұтынушылармен жұмыс бөлімінің бас маманы
Білімі: жоғары энергетикалық, экономикалық, заң білімі, оның ішінде сабақтас мамандықтар бойынша білімі
Кәсіби сертификаттардың/ сертификаттардың болуы: құпталады
Тілдерді меңгеру: мемлекеттік, орыс тілдері.
Ағылшын тілін білу (жақсырақ).
Қажетті тәжірибе: жұмыс тәжірибесі жоқ, кем дегенде 1 жыл жұмыс тәжірибесі
Қажетті ДК дағдылары / арнайы бағдарламаларды білу: Microsoft Office дағдылары.
Қажетті құзыреттер және олардың деңгейі:
- Электр энергетикасы және корпоративтік басқару саласындағы заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерді, әдістемелік материалдарды білу;
- Электр энергетикасы саласындағы заңнаманың негізгі қағидаттарын білу;
- заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып жұмыс істеу дағдылары;
Негізгі лауазымдық міндеттері:
1) электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын бірыңғай сатып алушының энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға, электр энергиясын тұтынушыларға және цифрлық кеншілерге сату шарттарын уақтылы жасасуы және сүйемелдеуі;
2) осы кезеңде электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан сатып алынған электр энергиясының көлемі үшін есептік кезеңнің (күнтізбелік айдың) қорытындылары бойынша нақты есепті уақтылы жүргізу;
3) электрондық жүйеде деректерді енгізуді жүзеге асыру, тарапқа қорларды босатуға жүкқұжаттарды не өзге де бастапқы құжаттарды жазу және фактуралар жасау;
4) тарапқа қорларды босатуға жазып берілген жүкқұжаттардың не өзге де бастапқы құжаттардың дұрыстығын келісу және бақылау;
5) тұтынушылардың шарттары бойынша энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға, электр энергиясын тұтынушыларға және цифрлық кеншілерге электр энергиясын сатқаны үшін төлемақыны уақтылы жинау;
6) бөлімнің талап-арыз жұмысын жүргізу үшін қажетті құжаттарды дайындау;
7) Бөлімнің қызметі бағытында заңдарға, нормативтік құқықтық актілерге өзектендіруге және өзгерістер енгізуге қатысу;
8) басшылық үшін талдамалық ақпаратты, анықтамаларды, есептерді, презентацияларды дайындау;
9) бөлімнің өндірістік қажеттілігіне байланысты бизнес-процестерді жетілдіруге қатысу;