Жоспарлау және даму департаментінің даму бөлімінің менеджері

Білімі: жоғары энергетикалық және/немесе экономикалық / заңгерлік білім
Кәсіби сертификаттардың/ сертификаттардың болуы: құпталады
Тілдерді меңгеру: мемлекеттік және орыс тілдерін білу, ағылшын тілі (жақсырақ)
Қажетті тәжірибе: бейінді салаларда, өндірістік компанияларда (энергетика саласында)кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі;
ДК-мен жұмыс істеудің қажетті дағдылары/ арнайы бағдарламаларды білу: MS Office (Excel, Power Point, Word), Documentolog және т. б.
Талап етілетін құзыреттер және олардың деңгейі: электр қуаты нарығының жұмыс істеуі саласындағы заңнаманың негізгі қағидаттарын білу
Негізгі лауазымдық міндеттері:    
- Электр энергетикасы саласындағы ҒІІА жобаларын әзірлеуге қатысу және негіздеуші материалдар мен есептеулерді дайындау, оларды сапалы пысықтау және серіктестіктің мүдделерін есепке алу мақсатында электр энергетикасы нарығына қатысушылар әзірлеген ЖЭК және электр қуаты нарығы саласындағы НҚА жобаларына ескертулер мен ұсыныстар дайындау;
- халықаралық тәжірибені, инновациялық технологияларды және онымен өзара байланысты өнімдерді зерделеу, Қазақстан Республикасында озық технологияларды енгізу және серіктестіктің құзыретін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы секторын дамытудың түрлі мәселелері бойынша шетелдік консультанттармен өзара іс-қимыл жасау;
- ЖЭК объектісін салу бойынша техникалық-экономикалық құжаттаманы дайындау бойынша техникалық тапсырманы әзірлеу, тиісті қызметтерді жеткізушілердің нарығын зерттеу, нәтижелердің сапасын қадағалау және бақылау;
- серіктестіктің өндірістік процесінің тиімділігін арттыру мақсатында құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп бизнес-процестерді автоматтандыруға қатысу;
- Қазақстан Республикасының аумағында ЖЭК энергетикалық ресурстарының болуы бойынша зерттеу жүргізу және ресурстық әлеуеті жоғары ЖЭК жобасын іске асыру үшін неғұрлым қолайлы орындарды іздеу мақсатында ЖЭК әлеуетін бағалаудың жалпыға қолжетімді көздерін пайдалану;
- ЖЭК аукциондық сауда-саттығын өткізу кестесін дайындау және бекіту мақсатында ЖЭК аукциондық сауда-саттығын ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігімен, шетелдік консультанттармен, жүйелік оператормен және өңірлік электр желілік компаниялармен, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасау;
- талдамалық есептерді дайындау, басшылыққа қажетті есептерді жүргізу және презентациялық материалдарды дайындау, қазақстандық және шетелдік сарапшылардың қатысуымен семинарлар мен кездесулер ұйымдастыру;
- инвесторларға аукциондық сауда-саттыққа қатысу және ЖЭК және ЖМ саласындағы заңнаманы қолдану мәселесі бойынша кеңес беру, серіктестіктің ішкі құжаттамасына сәйкес сайтқа келіп түсетін сұрақтарға жауап дайындау;
- даму бөлімінің іс қағаздарын жүргізу міндеттерін сапалы орындауды қамтамасыз ету мақсатында ішкі құжаттарға сәйкес Бөлім жұмысының ішкі регламенттерін әзірлеу;
- мониторингті жүзеге асыру қағидаларына сәйкес тоқсан сайынғы негізде ЖЭК объектілері құрылысының барысына мониторинг жүргізу
Артқа