Жоспарлау және даму департаментінің даму бөлімінің бастығы

Білімі: жоғары кәсіптік энергетикалық немесе экономикалық / заңгерлік білім

Кәсіби сертификаттардың/ сертификаттардың болуы: құпталады

Тілдерді меңгеру: мемлекеттік, орыс тілдері.

Қажетті тәжірибе: бейінді салаларда, өндірістік компанияларда (энергетика саласында) кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі

ДК-мен жұмыс істеудің қажетті дағдылары / арнайы бағдарламаларды білу: Электр энергетикасы, қоғамдық маңызы бар нарықтар саласындағы заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерді білу;
ҚР БЭЖ энергожүйесі жұмысының ерекшеліктерін, ЖЭК, РМ және БРЭ нарықтық тетіктерін білу;
заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып жұмыс істеу дағдылары;
мемлекеттік және орыс тілдерін білу, ағылшын тілі (жақсырақ)

Қажетті құзыреттер және олардың деңгейі: электр энергетикасы, ЖЭК және т. б. саласындағы заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерді білу.

Негізгі лауазымдық міндеттері:
1) Электр энергетикасы саласындағы НҚА жобаларын әзірлеуге қатысу және негіздеуші материалдар мен есептеулерді дайындау, оларды сапалы пысықтау және серіктестіктің мүдделерін есепке алу мақсатында электр энергетикасы нарығына қатысушылар әзірлеген ЖЭК және электр қуаты нарығы саласындағы НҚА жобаларына ескертулер мен ұсыныстар дайындау;
2) халықаралық тәжірибені, инновациялық технологияларды және онымен өзара байланысты өнімдерді зерделеу, ҚР-да озық технологияларды енгізу және серіктестіктің құзыретін арттыру мақсатында ҚР Электр энергетикасы секторын дамытудың түрлі мәселелері бойынша шетелдік консультанттармен өзара іс-қимыл жасау;
3) ЖЭК объектісін салу бойынша техникалық-экономикалық құжаттаманы дайындау бойынша техникалық тапсырманы әзірлеу сапасын бақылау және бағалау, тиісті қызметтерді жеткізушілердің нарығын зерттеу, нәтижелердің сапасын қадағалау және бақылау;
4) серіктестіктің өндірістік процесінің тиімділігін арттыру мақсатында құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп бизнес-процестерді автоматтандыруға қатысу;
5) ҚР аумағында ЖЭК энергетикалық ресурстарының болуы бойынша зерттеу жүргізу және ресурстық әлеуеті жоғары ЖЭК жобасын іске асыру үшін неғұрлым қолайлы орындарды іздеу мақсатында ЖЭК әлеуетін бағалаудың жалпыға қолжетімді көздерін пайдалану;
6) ЖЭК аукциондық сауда-саттығын өткізу кестесін дайындау және бекіту мақсатында ЖЭК аукциондық сауда-саттығын ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес ҚР Энергетика министрлігімен, шетелдік консультанттармен, жүйелік оператормен және өңірлік электр желілік компаниялармен, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасау;
7) мемлекеттік органдарда, халықаралық іс-шаралар мен семинарларда серіктестіктің мүдделерін білдіреді, БАҚ-пен, нарық қатысушыларымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
8) талдамалық есептерді дайындау, басшылық үшін қажетті есептерді жүргізу және презентациялық материалдарды дайындау, қазақстандық және шетелдік сарапшылардың қатысуымен семинарлар мен кездесулер ұйымдастыру;
9) инвесторларға аукциондық сауда-саттыққа қатысу және ЖЭК және ЖМ саласындағы заңнаманы қолдану мәселесі бойынша кеңес беру, серіктестіктің ішкі құжаттамасына сәйкес сайтқа келіп түсетін сұрақтарға жауап дайындау;
10) Департаменттің даму бөлімінің іс қағаздарын жүргізу міндеттерін сапалы орындауды қамтамасыз ету мақсатында ішкі құжаттарға сәйкес Бөлім жұмысының ішкі регламенттерін әзірлеу;
11) мониторингті жүзеге асыру қағидаларына сәйкес тоқсан сайынғы негізде ЖЭК объектілері құрылысының барысына мониторинг жүргізу;
12) басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындау
Артқа