Бішкек қаласында өткен семинарда Қазақстан өкілдері жаңартылатын энергия көздері жобаларын дамытудағы тәжірибелерімен бөлісті. Семинарға Қырғыз Республикасы Энергетика министрінің бірінші орынбасары Курсантбек Өмірбеков, «Қырғызстан ҰЭЖ» ААҚ, Еуропа қайта құру және даму банкі және USAID өкілдері қатысты.
Семинар Қырғыз Республикасына төмен көміртекті экономикаға көшуді жеделдету үшін, оның ішінде ЖЭК жобаларын іске асыру арқылы шешімдер іздеуде қолдау көрсетуге бағытталған. Іс-шараны USAID «Орталық Азия энергетикасы» жобасы, Еуропа қайта құру және даму банкі, Қырғыз Республикасының Энергетика министрлігі және Жасыл энергетика қоры бірлесіп ұйымдастырды.
Қаржы-есеп айырысу орталығы мен «KOREM» АҚ өкілдері ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық тетігін іске асыруда Қазақстанның тәжірибесін ұсынды. ҚЕАО Жаңартылатын энергия көздері бөлімінің бас менеджері Үсенов Руфат ЖЭК объектілерімен шарттар жасасу ерекшеліктері туралы, оның ішінде өтінімді қаржылық қамтамасыз ету және шарт талаптарын орындау туралы айтып берді, қырғыз әріптестерінің Қазақстандағы ЖЭК секторын реттейтін нормативтік-құқықтық база туралы сұрақтарына жауап берді.
Семинар белсенді талқылау және сұрақтарға жауап беру форматында өтті, бұл қырғызстандық әріптестерге Қазақстандағы ЖЭК даму ерекшеліктерін толығырақ түсінуге мүмкіндік берді.