Жарияланған күні: 05.09.2025

«ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕАО» ЖШС өкілдері Орталық Азияның үйлестіру электр энергетикалық кеңесінің 44-ші отырысына қатысты

«Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС Бас директоры Гүлжан Нәлібаева және Жоспарлау және дамыту департаментінің директоры Замира Ахметова Шолпан-Ата қаласында (Қырғызстан) өткен Орталық Азияның үйлестіру электр энергетикалық кеңесінің 44-ші отырысына қатысты.

Отырыс шеңберінде қатысушылар Орталық Азияның 2025 жылғы Біріккен энергожүйесінің жұмыс істеу қорытындыларын, алдағы 2025-2026 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңде күтілетін жұмыс режимін, сондай-ақ электр энергетикасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, тұрақты және сенімді энергиямен жабдықтауды қамтамасыз етуді және Орталық Азияның энергожүйелерін интеграциялау мен дамыту перспективаларын талқылады.

Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар энергетикадағы өңірлік әріптестікті нығайтуға бейілділігін растады және Орталық Азияның Біріккен энергожүйесінің жұмыс істеуі жөніндегі бірлескен қадамдар туралы уағдаласты.

Іс-шараға Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Ресей энергетикалық ұйымдары мен ведомстволарының басшылары мен сарапшылары қатысты.