Қаржы-есеп айырысу орталығының қызметкерлері Орталық Азия мен Еуропаның декарбонизация дипломатиясы жөніндегі екінші өңірлік форумына қатысты.
Қаржы-есеп айырысу орталығы Жоспарлау және дамыту департаментінің директоры Замира Ахметова «Энергетикалық ауысу қозғалтқыштары: ЖЭК-ті Орталық Азияның энергетикалық жүйесіне декарбонизация жолында интеграциялау» панельдік сессия шеңберінде сөз сөйледі. Өз баяндамасында ол ҚЕАО-ның жаңартылатын энергия көздері объектілерімен өзара іс-қимылының негізгі аспектілерін ұсынды және еліміздің тұрақты дамуы үшін саланың стратегиялық маңыздылығын атап өтіп, Қазақстандағы ЖЭК-ті қолдау тетіктері туралы айтты.
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қолдауымен Астанадағы GIZ сутегі дипломатиясы кеңсесі ұйымдастырды.