Жарияланған күні: 03.10.2025

ҚЕАО қызметкерлері KAZENERGY - «Kazakhstan Energy Week - 2025» XVI Еуразиялық форумына қатысты

Бас директор Гүлжан Нәлібаева бастаған «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС қызметкерлері KAZENERGY - «Kazakhstan Energy Week - 2025» XVI Еуразиялық форумына қатысты.

Іс-шара аясында ҚЕАО өкілдері «IRENA» жаңартылатын энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттігінің «Орталық Азияда ЖЭК енгізуді жеделдету» панельдік сессиясына қатысты. Сессия IRENA COP29-да іске қосқан Орталық Азиядағы Accelerated Partnership for Renewable Energy in Central Asia (APRECA) бастамасын ілгерілету мәселелеріне арналды. Талқылау барысында APRECA-ның басым бағыттары қарастырылды: энергетикалық инфрақұрылымды және өңірлік өзара байланысты дамыту, нормативтік-құқықтық базаны және институционалдық тетіктерді жетілдіру, сондай-ақ жеке инвестицияларды жұмылдыру және қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейту.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, Әзірбайжан және Тәжікстан энергетика министрлері, сондай-ақ халықаралық сарапшылар мен делегаттар қатысты.

«Егер бастапқыда біз тек пилоттық жобалармен шектелсек, бүгінде елімізде 158 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді, олардың жалпы қуаты – 3,2 ГВт. 2025 жылы қуаты 450 МВт-тан асатын тағы 9 жаңа жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Ал 2035 жылға дейін қуаты кемінде 8,4 ГВт болатын жаңа нысандар салу үшін жетекші халықаралық компанияларды тарту көзделуде», - деді Ерлан Ақкенженов өз сөзінде.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша тараптар Орталық Азияда ЖЭК енгізуді жеделдету мақсатында одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін растады.