Жарияланған күні: 22.12.2025

Қаржы-есеп айырысу орталығында энергетика күні атап өтілді

«Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС-де энергетика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шара аясында «ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕАО» ЖШС Бас директоры Арман Шайханов қызметкерлерге жоғары кәсібилігі, адал еңбегі және Қазақстан Республикасының энергетика саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын табыс етті. Жаңартылатын энергия көздері бөлімінің бастығы Руфат Усенов Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.

Арман Шайханов өз сөзінде ұжымдық жұмыстың маңыздылығын және ҚЕАО-ның әрбір қызметкерінің үлесін атап өтіп, Серіктестіктің тиімді қызметін және қойылған міндеттерді орындауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін мамандардың үйлесімді жұмысы екенін атап өтті.

«ЖЭКҚ қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС энергетика саласының барлық қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, одан әрі табыс, жаңа жетістіктер мен кәсіби өсуді тілейді.