Жарияланған күні: 14.02.2026

Қаржы-есеп айырысу орталығының өкілдері Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан энергетика министрлерінің үшжақты кездесуіне қатысты.

Ташкент қаласында су-энергетикалық ынтымақтастықты үйлестіру және өңірлік энергия жүйесінің тұрақты жұмысы мәселелеріне арналған Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан энергетика министрлерінің үшжақты кездесуі өтті.

Келіссөздерге Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, Қырғыз Республикасының Энергетика министрі Таалайбек Ибраев, Өзбекстан Республикасының Энергетика министрі Журабек Мирзамахмудов қатысты. Сондай-ақ отырысқа Тәжікстанның Энергетика министрі Далер Джума шақырылды.
Қазақстандық делегация құрамында отырысқа «ЖЭКҚ қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС қызметкерлері — Бас директордың орынбасары Сергей Алеев және Жоспарлау және даму департаментінің директоры Замира Ахметова қатысты.

Тараптар су-энергетикалық ресурстарды басқару саласындағы үшжақты өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ өңірлік энергожүйенің тұрақты әрі теңгерімді жұмысын қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Генерациялаушы қуаттардың жұмыс режимдерін үйлестіруге, су пайдалану бойынша келісілген параметрлерді сақтауға және ортақ тәсілдерді әзірлеуге ерекше назар аударылды.

Кездесуде маусымдық жүктемелер кезеңінде өзара қолдау мен жедел өзара іс-қимылдың маңыздылығы, сондай-ақ энергетикалық қауіпсіздік мүддесінде трансшекаралық өзендердің тұрақты су режимін сақтау қажеттігі атап өтілді.

Тараптар Орталық Азияның су-энергетикалық жүйесінің сенімділігін нығайтуға бағытталған сындарлы диалогты және тату көршілік рухындағы бірлескен жұмысты жалғастыруға бейілділігін растады.

Отырыс қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды бекітетін үшжақты хаттамаға қол қойылды.