Қаржы-есеп айырысу орталығында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша қызметкерлер үшін семинар өтті. Іс-шара қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, парасаттылық қағидаттарын нығайту, сондай-ақ іскерлік этика нормаларын сақтау мақсатында өткізілді.
Қаржы-есеп айырысу орталығының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Комплаенс-офицері ҚЕАО қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және Іскерлік әдеп кодексінің ерекшеліктерін түсіндірді, квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы айтып берді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік шараларымен таныстырды.
Іс-шара қорытындысы бойынша спикер семинар тақырыбы бойынша қызметкерлердің сұрақтарына жауап берді.