Бүгін «ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕАО» ЖШС ұжымы 45 жылдан астам еңбек жолын электр энергетикасы саласына арнаған Арыстанов Талғат Исабекұлын құрметті еңбек демалысына шығарып салды.
Көп жылғы адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және энергетика саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Талғат Исабекұлы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.
Талғат Исабекұлының еңбек жолы - электр энергетикасы саласының негізгі бағыттарының барлығын қамтитын тағылымды кәсіби жол. Ол электр желілеріндегі жедел жұмыстан және өндірістік басқарудан бастап, экономика, баға белгілеу, саланы нормативтік реттеу және стратегиялық дамыту бағыттарында мол тәжірибе жинақтады. Оның бай кәсіби тәжірибесі, жоғары біліктілігі, құзыреттілігі мен өз ісіне жауапкершілікпен қарауы «ЖЭК жөніндегі ҚЕАО» ЖШС қызметінің дамуына елеулі үлес қосты.
«ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕАО» ЖШС Талғат Исабекұлына көп жылғы адал еңбегі, кәсібилігі және Серіктестіктің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін шын жүректен алғысын білдіреді.
Талғат Исабекұлына зор денсаулық, сарқылмас қуат, отбасылық амандық және ұзақ өмір тілейміз!