Жарияланған күні: 24.09.2026

Қаржы-есеп айырысу орталығының өкілдері Қамбар-Ата ГЭС-1 жобасы бойынша үшжақты келіссөздерге қатысты

2026 жылғы 21-23 қыркүйекте Алматыда Қамбар-Ата ГЭС-1 жобасын бірлесіп іске асыру туралы Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы үкіметаралық келісімнің жобасы бойынша үшжақты келіссөздердің үшінші раунды өтті.

Қаржы-есеп айырысу орталығы электр энергиясын бірыңғай сатып алушының функцияларын іске асыру шеңберінде жобаны бірлесіп іске асыру және басқару тетіктерін, қаржыландыру және міндеттемелерді бөлу мәселелерін, сондай-ақ үш мемлекеттің одан әрі іс-қимылдарын үйлестіру мәселелерін талқылауға қатысты.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар келісім жобасының жекелеген келісілмеген ережелерін пысықтауда қол жеткізілген ілгерілеуді атап өтіп, қалған мәселелерді өзара құрмет, әр тараптың мүдделерін ескеру және өзара қолайлы шешімдер әзірлеуге ұмтылу қағидаттары негізінде келісуді жалғастыру туралы уағдаласты.

Қазақстан үшін Қамбар-Ата ГЭС-1 жобасына қатысу су ресурстары мен энергетика салаларындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайту, Орталық Азияның энергетикалық жүйелерінің тұрақтылығын арттыру, сондай-ақ трансшекаралық су ресурстарын тиімді әрі өзара тиімді пайдалану тетіктерін дамыту тұрғысынан маңызды мәнге ие.

Ақпарат көзі: Minenergokz