Жарияланған күні: 28.09.2026

Баспасөз-анонсы

2026 жылғы 9 қазанда сағат 11:00-де ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің қатысуымен «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС-ның:
- электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және орталықтандырылған сату бойынша қызметті жүзеге асыруымен байланысты шығыстар бөлігі бойынша;
- электр қуаттың дайындық күйін қамтамасыз ету орталықтандырылған сатып алу және жүктемені көтеруге дайындықты орталықтандырылған сату бойынша қызметті жүзеге асыруымен байланысты шығыстар бөлігі бойынша бағаларының шекті бағадан жоғары көтерілуі туралы хабарламасын қарау шеңберінде жария тыңдау өткізетіндігін хабарлайды.

Жария тыңдау Астана қ., Тәуелсіздік даңғ., 59, «KEGOC» АҚ ғимараты, 1 қабат мекенжайында өтеді. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін аккредиттеу ағымдағы жылғы 8 қазан сағат 18.00-ге дейін +77775335023 телефоны және khussainova@rfc.kz электрондық мекенжайы бойынша жүзеге асырылады.