Жарияланған күні: 02.10.2026

«ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕАО» ЖШС басшылығы мен «Masdar» компаниясының өкілдері жұмыс кездесуін өткізді

«ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕО» ЖШС-де Жамбыл облысында энергияны жинақтау жүйесімен қуаты 1 ГВт жел электр станциясының жобасын іске асыру мәселесі бойынша «Masdar» компаниясының өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті. Жоба қуаты 1000 МВт жел электр станциясын және қуаты 300 МВт, сыйымдылығы 600 МВт·сағ энергия жинақтау жүйесін салуды көздейді.

Кездесу барысында тараптар жобаны іске асырудың ағымдағы мәселелерін, оның ішінде шарттық міндеттемелерді орындау, қаржылық өзара іс-қимыл және бірлескен жұмысты одан әрі үйлестіру мәселелерін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сындарлы ынтымақтастықты жалғастыруға және жобаны қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес іске асыруға мүдделі екендіктерін растады.