ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағалығымен «ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕАО» ЖШС-ның төмендегі қызметтер бойынша шекті бағалар туралы хабарламасын қарауға арналған жария тыңдаулар өтті:
- электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және орталықтандырылған сату бойынша қызметті жүзеге асырумен байланысты шығыстар бөлігі бойынша;
- электрлік қуаттың дайындық күйін қамтамасыз ету және жүктемені көтеруге дайындықты орталықтандырылған сату бойынша қызметті жүзеге асырумен байланысты шығыстар бөлігі бойынша.
Іс-шара аясында «ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕАО» ЖШС Бас директоры Арман Шайханов баяндама жасады. Ол Серіктестіктің негізделген шығындары және электр энергиясы мен электр қуаты нарықтарында Бірыңғай сатып алушының қызметтеріне шекті бағалардың қалыптасуына әсер еткен шығындардың негізгі баптары туралы ақпарат ұсынды.
Қоғамдық тыңдаулар офлайн режимде өтті, сонымен қатар ТМРК-нің Facebook-тегі ресми парақшасында қатар көрсетілді, бұл барлық мүдделі тұлғаларға нақты уақыт режимінде қатысып, сұрақтар қоюға мүмкіндік берді. Талқылау қорытындысы бойынша жария тыңдауларға қатысушылардың барлық мәселелері бойынша толық көлемде түсіндірме-жауаптар ұсынылды.
Іс-шараға «ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕАО» ЖШС-ның, «KEGOC» АҚ-ның, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.