«Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС Бас директорының орынбасары Жеңіс Дюсенов өңір елдерінің энергетикалық ұйымдарының өкілдерін біріктірген Орталық Азияның Үйлестіруші электр энергетикалық кеңесінің (ОА ҮЭК) отырысына қатысты.
Отырыс шеңберінде қатысушылар өткен вегетациялық кезеңдегі жұмыс қорытындыларын және 2026-2027 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңде Орталық Азияның біріккен энергетикалық жүйесінің жұмыс істеу режимін, сондай-ақ электр энергетикасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін қарады.
Электрмен жабдықтаудың сенімділігін қамтамасыз ету, өңірлік ынтымақтастықты дамыту және Орталық Азия мемлекеттерінің энергия жүйелерінің жұмысын үйлестіру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ ОА ҮЭК Үйлестіру комиссиясы қызметі және энергетика саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша өңір елдері арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға және энергия жүйелері жұмысының тұрақтылығын арттыруға бағытталған бірқатар нормативтік және әдістемелік құжаттар келісілді.