Жарияланған күні: 24.12.2022

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын сақтау мәселелері жөніндегі вебинар

2022 жылғы 23 желтоқсанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері жөнінде түсіндіру және оқыту іс-шараларын өткізу бойынша ай сайынғы іс-шараларды өткізу шеңберінде Серіктестік қызметкерлері «Жұмыс орнында жаңа жылдық сыйлықтарды сыйлау және алу ережесі» тақырыбында вебинарға қатысты.

Комплаенс және іскерлік этика қауымдастығы ҚР-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдерімен бірлесіп ұйымдастырған вебинар барысында заңнама талаптары және квазимемлекеттік сектор қызметкерлеріне сыйлықтар мен іскерлік қонақжайлылық алуға белгіленген тыйым салулар қаралып, сыйлықтар сыйлаудың тиімді саясатын құру мәселелері талқыланды, сондай-ақ сыйлықтар беру ережелерін бұзудың салдары түсіндірілді.

Вебинарға қатысушыларға әлеуетті тәуекелдер түсіндірілді, оның ішінде квазимемлекеттік сектор компаниялары үшін олардың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері сыйлық беру ережелерін бұзған жағдайда тап болатын мәселелер талқыланды.

Серіктестік қызметкерлері сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында, сондай-ақ сыйлық беру және контрагенттер тарапынан қонақжайлылық білдіру фактілері анықталған кезде компаниялар жүзеге асыруға тиіс сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар туралы хабардар болды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі

 «ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕАО» ЖШС

Жариялау күні: 24 Желтоқсан, 2022ж.