Жарияланған күні: 01.02.2023

Байқау кеңесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс жоспарын бекітті

2023 жылғы 1 ақпанда "Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы" ЖШС Байқау кеңесінің отырысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша серіктестіктің 2022 жылғы жұмысының қорытындысы қарастырылды және серіктестіктің 2023 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары бекітілді.

Серіктестіктің менеджменті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі өткен жылы сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға және оларға жол бермеуге,сондай-ақ серіктестіктің бизнес-процестеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесін енгізуге бағытталған шаралар кешенін қабылдау бойынша алған қарқынын жалғастыратын болады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет