Жарияланған күні: 26.06.2023

Энергетика министрлігі жазда электр энергиясының бағасы төмендейді деп күтуде

1 шілдеде Энергетика министрлігі жанындағы Жаңартылатын энергия көздерін қолдаудың есеп айырысу-қаржы орталығы (ЖЭК ЖЭК) ұсынатын электр энергиясының бірыңғай сатып алушысын іске қосқаннан кейін жазда электр энергиясының артықшылығы, бағасын төмендетуге жағдай жасалады деп есептейді энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов.

«Жазда артық электр энергия бар, сұраныс аз және оны сатуға мүмкіндік бар. Бұл станциялардың бір сатып алушыға сату құқығы үшін бәсекелесетінін білдіреді, өйткені ол енді бұл электр энергиясын серіктестеріне – энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға сата алмайды. Осылайша ол сұраныстан қалыптасқан бағаны күн сайын биржада ұсынатын болады. Ал жазда бұл бағаның арзандауына әкеледі», - деді ол 24.kz телеарнасының эфирінде.

Бұған қоса, Нұрмағанбетов елдегі электр энергиясына сұраныс азайған түнде электр энергиясының құны да төмендейтінің  есептейді. Сонымен қатар, Қазақстанда дәстүрлі түрде электр энергиясы тапшылығын бастан кешіретін қысқы кезеңдегі электр энергиясының құны туралы мәселе ашық күйінде қалып отыр.

«Сонымен қатар, бізде қыс мезгілінде электр энергиясы жеткіліксіз, әсіресе кешкі уақытта, электр қуатын көршілес электр жүйесінен тартамыз. Сондықтан іштегі электр қуатын түгел сатып аламыз, сосын Ресейден сатып алуға барамыз», - деді ол.

Вице-министр бірыңғай  сатып алушыны іске қосу электр энергиясын сатып алу-сатудағы алыпсатарлық операцияларды жоятынын атап өтті. Энергетикалық жүйедегі жоспарлы теңгерімсіздіктерді, электр энергиясының болжамды тапшылығын, энергия өндіруші ұйымдардың әртүрлі тарифтеріне байланысты тең емес бәсекелестік жағдайларын және жаңа генерациялау көздерін, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) салу жоспарларын ескере отырып, бірыңғай электр энергиясын сатып алушы енгізілуде.

Энергетика министрлігі сондай-ақ электр станцияларының техникалық мүмкіндігіне негізделген тәуліктік кестелерді қалыптастырудан тұтынушылардың нақты кестелеріне көшу есебінен Бірыңғай сатып алушы өнімсіз делдалдарды қысқартуға және шектес энергия жүйелерімен шекарадағы электр энергиясы ағындарының мемлекетаралық сальдосының ауытқуын барынша азайтуға көмектеседі деп күтеді.

Электр энергиясын Екібастұзда және Қазақстанның шығысындағы су электр станцияларынан сатып алады – бұл энергия ең төмен тарифпен сатылады. Бұдан басқа, біз нарықтың басқа қатысушыларынан сатып алу туралы айтып отырмыз. Жалпы, Қазақстанда электр энергиясын өндіретін 70-ке жуық станция және оны сататын 300-ден астам компания жұмыс істейді.

«Біріншіден, әрине, біз (электр қуатын) ЖЭО дан сатып аламыз. Станциялар қосымша өнім – электр энергиясын өндіреді, оны біз сатып алуымыз керек. Біз Есеп-қаржы орталығы атынан жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясын сатып алуға міндеттендік, оған 15-20 жылға келісім-шарт жасаймыз. Біз балансты толығымен аукцион арқылы сатып алуымыз керек», - деді Нұрмағанбетов.

Оның пікірінше, процестің ашықтығын қамтамасыз ету және 15-20 жыл бойы нарықтық бағамен электр энергиясын сатып алуға кепілдік беру арқылы жаңа энергия көздерін дамуына салған қаражаттарын инвесторлар қайтарып алады.

Орталық Азиядағы гидроэнергетика жөніндегі конгресс аясында Энергетика министрлігіне қарасты Жаңартылатын энергия көздерін қолдаудың есеп айырысу-қаржы орталығының басшысы Гүлжан Нәлібаева журналистерге екінші жартыжылдықта бірыңғай сатып алушының айналымы өсетінің айтты - электр энергиясы шамамен 600 млрд теңгені құрайды. Осылайша, нарықтың жылдық көлемі 1,2 триллион теңгені құрайды. Бұл ретте нарықты қамту шамамен 70 пайызды құрайтын болады, - дейді ол, бұл жеке тұтынушылар электр энергиясын бір сатып алушы арқылы емес, өз тарифтері бойынша  кәсіпорындарына электрқуатын алады.

Нәлібаева 1 шілдеден кейін электр энергиясының орташа бағасы 1 кВт/сағ үшін 12-13 теңге деңгейінде күтілетінін айтты. ЕҚО-ның пайдалану шығындары жылына шамамен 500 миллион теңгені құрайтын болса бұл біррыңғай сатып алушының комиссиясы жалпы айналымның 0,08% аспайтынын білдіреді. Оның бағалауы бойынша 2022 жылы қуаттылық нарығындағы айналымы 80 млрд теңгеге, ал жаңартылатын энергия нарығында 180 млрд теңгеге жуықтады.

Авторы  Жанболат Мамышев