Жарияланған күні: 11.08.2023

Астанада «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырбастау – қаржы орталығы» ЖШС өтініші бойынша жария тыңдау өтеді

2023 жылғы 21 тамыз күні сағ.15:00-де ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырбастау – қаржы орталығы» ЖШС-ның электр энергиясын бірыңғай сатып алушының қызметін жүзеге асыруға байланысты оның шығындары бөлігінде электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы, электр қуатының дайындығын қолдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді орталықтандырылған сатып алу және электр қуатын бірыңғай сатып алушының қызметін жүзеге асыруға байланысты оның шығындары бөлігінде бірыңғай сатып алушының жүктемелерін көтеруге электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді орталықтандырылған сату бағаларын бекіту бойынша хабарламасын қарау шеңберінде жария тыңдау өткізетіндігін хабарлайды.

Жария тыңдау Астана қ., Тәуелсіздік даңғ., 59, «KEGOC» АҚ ғимараты, 1 қабат мекенжайында өтеді.

Сонымен бірге, көптеген мүдделі тұлғалардың қатысуын қамтамасыз ету мақсатында, жария тыңдаулар параллельді түрде онлайн режимде «ZOOM» платформасы және Facebook әлеуметтік желісіндегі Комитеттің парақшасы арқылы көрсетілетін болады.

«ZOOM» платформасына қосылу үшін конференция идентификаторын, қатысушылардың есебін жүргізу мақсатында, төменде көрсетілген нөмірлерге қонырау шалу арқылы алуға болады.

Тыңдауға Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттардың депутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, табиғи монополия субъектісінің, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар қатыса алады («Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырбастау – қаржы орталығы» ЖШС хабарламасы ашық қолжетімділікте www.bazamonopolist.gov.kz сілтеме бойынша орналастырылған).

Комитеттің және «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырбастау – қаржы орталығы» ЖШС-ның байланыс телефондары және интернет-ресурсының мекенжайы: тел. +7 (7172) 74-22-96, www.gov.kz/memleket/entities/krem , тел. +7 (777) 533-49-05 www.rfc.kz.

Дереккөздер: https://www.gov.kz/memleket/entities/krem/press/news/details/601102?lang=ru