Жарияланған күні: 13.10.2023

Ұйымдағы комплаенс функциялары бойынша семинар

Семинар аясында халықаралық тәжірибеде және елімізде комплаенсті дамыту, түрлі дағдарыстардың, жағдайлардың, сыбайлас жемқорлық жанжалдарының әсері, компаниялар үшін үлкен шығындар мен беделдің бұзылуына әкеп соқтырған мәселелер қаралып, инвесторлардың, тұтынушылардың, қоғамның, компаниялардың мүдделерін қорғау үшін жемқорлық тәуекелдерін жою (азайту) бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу қажеттілігіне баса назар аударылды.

Сыбайлас жемқорлықтың көріністерін алдын алу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы бекітілген талаптарды сақтау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған комплаенс-бағдарламаларын қалыптастыру және олардың тиімділігі бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарда компаниялардың басшылығы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерінің атқаратын рөлі атап өтілді.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде «жедел желі» жұмысы, контрагенттердің сенімділігін тексеру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында мүдделер қақтығысын реттеу бойынша жүйелі шаралар қабылдау бойынша нақты кейстер талқыланды.

Семинар барысында белсенді пікір алмасып, сұхбат форматында қызметкерлерге түсініктемелер мен толық жауаптар берілді.   

 «ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕАО» ЖШС-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі