Жарияланған күні: 20.03.2024

Ташкент қаласында 8-ші Халықаралық конгресс пен «Гидроэнергетика. Орталық Азия және Каспий теңізі» атты көрме өтті

Ташкент қаласында 8-ші Халықаралық конгресс пен «Гидроэнергетика. Орталық Азия және Каспий теңізі» атты көрме өтті.

Іс-шараға қатысушылар Орталық Азия өңірін тұрақты энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ету стратегиялары мен жоспарларын іске асыруды, Орталық Азия елдерінің энергетика саласын мемлекеттік қолдау мен реттеуді, энергетикалық қауіпсіздікті, ЖЭК дамуын қолдау үшін қаржы институттары, үкіметтер мен жеке компаниялар арасындағы өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін және басқа да мәселелерді талқылады.

«Энергетика саласын қайта жандандырудың стратегиялық аспектілері: аймақ елдеріндегі энергия тапшылығы жағдайында жаңартылатын энергия көздеріне көзқарастарды трансформациялау» пленарлық отырысы аясында Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының бас директоры Гүлжан Нәлібаева сөз сөйледі. Ол іс-шараға қатысушыларға Қазақстанда ЖЭК секторын дамыту және қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру тетіктері туралы айтып берді.

Іс-шараға Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Ресей, Әзірбайжан, Грузия және Армения өкілдері қатысты.