Жарияланған күні: 22.08.2023

Астанада «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырбастау – қаржы орталығы» ЖШС өтініші бойынша жария тыңдау өтті

Бүгін ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырбастау – қаржы орталығы» ЖШС-ның (ЖЭК жөніндегі ҚЕАО) бірыңғай сатып алушының электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуымен, орталықтандырылған электр қуатының дайындығын қолдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің жүктемелерін көтеруге электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтердің сату бағаларын бекіту бойынша хабарламасын қарау шеңберінде жария тыңдаулар өткенін хабарлайды.

Жария тыңдаулар ТМРК Төрағасының орынбасары Мирас Зерипбаевтың төрағалығымен өтті және ол тыңдаудың қатысушыларын өткізу тәртібімен таныстырды, сондай-ақ жобаға қатысты ұсыныстар мен ескертулерін белсенді жария етуді сұрады.

«Жария тыңдауларды өткізудің мақсаты ашықтықты, жариялылықты, ақпараттандыруды, тұтынушылар мүдделерінің теңгерімін сақтауды қамтамасыз ету болып табылады» - деп атап өтті Мирас Зерипбаев.

Жария тыңдауларға ЖЭК жөніндегі ҚЕАО-ның басшылығы, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сонымен қатар тұтынушылар қатысты.

ЖЭК жөніндегі ҚЕАО атынан бас директоры Гүлжан Нәлібаева, электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату бойынша және электр қуатының дайындығын қолдау бойынша қызметті орталықтандырылған сатып алу және электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын және жүктемені көтеруге электр қуатының дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті орталықтандырылған сату бойынша жүзеге асыруға байланысты шығындары бөлігінде жоспарланған шекті баға туралы баяндама жасады.

Жария тыңдаулар офлайн режимінде өтті және бір уақытта ТМРК-ның Facebook-тегі ресми парақшасы және ZOOM платформасы арқылы көрсетілді, онда әрбір адам нақты уақыт режимінде өзін қызықтыратын сұрақтарын қоюға мүмкіндік берілді.

Қорытындылай келе, ТМРК Төрағасының орынбасары талқылауға ұсынылған тек жоба ғана, және түпкілікті шешім ЖЭК жөніндегі ҚЕАО-ның хабарламасын тиянақты қарау қорытындылары бойынша қабылданатындығын барлығының назарына салды.

Дереккөздер: https://www.gov.kz/memleket/entities/krem/press/news/details/605967?lang=ru