Шайханов Арман Жанабайұлы
Шайханов Арман Жанабайұлы
Бас директор
Шайханов Арман Жанабайұлы 1979 жылы 25 шілдеде Павлодар облысында дүниеге келген.

2001 жылы академик Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтын «Жылу электр станциялары» мамандығы бойынша, 2004 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2000 жылы «Екібастұз ЖЭО» ЖШС-да машинист-шолушы болып бастаған.

2001 жылдан 2006 жылға дейін «AES-Екібастұз» ЖШС-да турбиналық жабдық бойынша қараушы-машинист, энергоблок машинисі болып жұмыс істеді.

2006-2022 жылдары «KEGOC» АҚ жетекші маманы, бөлім бастығының орынбасары, департамент директоры, басқарушы директоры болып қызмет атқарды.

2022 жылдан бастап 2025 жылғы 14 қарашаға дейін «KEGOC» АҚ Алматы жүйеаралық электр желілері филиалында директоры болып жұмыс істеді.

2025 жылғы 17 қарашада «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС-ның Бас директоры болып тағайындалды.