ЖЭК жобаларын іріктеу

ЖЭК секторындағы технологиялардың қарқынды дамуы, ЖЭК салғысы келетін инвесторлар санының артуымен, неғұрлым тиімді жобаларды, ең озық технологиялық шешімдермен және ең аз күрделі шығындармен жобалардың әділ және бәсекеге қабілетті іріктеп алуын қамтамасыз етуге қабілетті механизмін енгізуді талап етеді.

Бүгінгі күні осы талаптарға жауап беретін әлемдік үрдіс – бұл ЖЭК жобаларын таңдап алуға бағытталған, аукциондық сауда-саттықтардың механизмі.

Осы әлемдік үрдісін ескере отырып, қазіргі уақытта Қазақстандағы ЖЭК жобаларын таңдап алу бойынша аукциондық сауда-саттықтардың механизмі енгізілді. Осы механизм бастапқы сатысында Қазақстан Республикасындағы ЖЭК секторын іске қосуға мүмкіндік беретін, 2018 жылға дейін қолданыста болған, тіркелген тарифтерді ауыстыруына әкеледі. 

ЖЭК жобаларын таңдап алу мақсатында қолданыстағы ЖЭК секторын қолдау саласындағы заңнамасына өзгерістер енгізілді және Аукциондық сауда-саттықтарды ұйымдастыру және өткізу қағидалары әзірленді.
Аукциондық сауда-саттықтар ҚР-ның Энергетика министрлігімен бекітілген, аукциондық сауда-саттықтарды өткізу кестесі негізінде өткізілді.

Кепілдендірілген орталықтандырылған сатып алу механизмі арқылы Қазақстанның ЖЭК объектісін салу жобасын іске асыру үшін әлеуетті инвесторға келесілер қажет:

selection1.png

1. Аукциондық сауда-саттықтардың кестесін зерттеу және қандай жобаны іске асыру үшін қолайлы екендігін анықтау

selection2.png

2. Аукциондық сауда-саттықтардың ұйымдастырушысы сайтына жүгіну, сауда-саттық жүйесінде онлайн-тіркелуден өту

selection3.png

3. Шартты аукциондық сауда-саттықтардың ұйымдастырушысымен жасасу

selection4.png

4. Аукциондық сауда-саттықты өткізу күніне дейін екі жұмыс күннен кешіктірмей, аукциондық сауда-саттыққа қатысу үшін қаржылық қамтамасыз етуін «ЖЭК жөніндегі ҚЕО» ЖШС-нің атына ұсыну  

selection5.png

5. Аукциондық сауда-саттықтарды өткізу кестесіне сәйкес, аукциондық сауда-саттықтарға қатысуын қабылдау 

selection6.png

6. Аукциондық сауда-саттықтардың жеңімпазы болу

selection7.png

7. Сатып алу шартын жасасу үшін аукциондық сауда-саттықтардың жеңімпаздарын ЖЭК тізбесіне қосқан соң (ЖЭК үшін) немесе аукциондық сауда-саттық жеңімпаздары реестріне (ҚЭКЖ үшін) қосқан соң 60 күн ішінде «ЖЭК жөніндегі ҚЕО» ЖШС-не жүгіну

selection8.png

8. Сатып алу шартын жасасқан соң шарттың талаптарын орындау қаржылық қамтамасыз етуін енгізу