Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз

  1. «ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕАО» ЖШС (бұдан әрі - Серіктестік) өзінің беделін ардақтап бағалайды және оның қызметкерлері, серіктестері мен контрагенттері жұмыс барысында адалдық пен ашықтық қағидатын сақтауға, олар қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділеттілігін қамтамасыз етуге ұмтылады.

    Егер сіз Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік)  және Серіктестік қызметінде мынадай мән-жайлардың куәгері немесе құрбаны болдым деп ойласаңыз:

    • дайындалып жатқан немесе орын алған сыбайлас жемқорлық, алаяқтық және ұрлау дерегі туралы;
    • бақылау (қадағалау), сатып алу рәсімдері кезіндегі бұзушылықтар туралы;
    • лауазымды тұлғалардың қызмет бабын теріс пайдалану және өкілеттігін асыра қолдану туралы;
    • Министрлікке материалдық шығын келтіретін немесе келтіруі мүмкін, сондай-ақ іскерлік беделіне зиян келтіретін жасалған басқа әрекеттер туралы мәлім болған жағдайда, Сіз:

    Министрліктің және оның ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, оның ішінде Серіктестіктің қызметтеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі Бірыңғай Жедел желіге хабарласа аласыз және Министрліктің - antikor@energo.gov.kz   электрондық поштасына жаза аласыз.

    Серіктестіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына сәйкес қызметкерлерге және басқа да мүдделі тұлғаларға Серіктестіктің лауазымды тұлғалары, қызметкерлері жасаған немесе жоспарланған бұзушылықтар туралы немесе Серіктестіктің лауазымды тұлғаларына, қызметкерлеріне қатысты қолда бар негізделген күдіктерді жасырын немесе аты-жөнін көрсетпей білдіруге мүмкіндік беріледі.

    Өтініштің құпиялылығына кепілдік беріледі.

    Анонимді өтініштер (өтінішті жіберген адамның тегі көрсетілмеген) қаралуға жатпайды, бірақ тексеріледі.

    Бұл ретте, көрінеу жалған ақпараттарды таратқаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес жауапкершілік қарастырылғанына назар аударамыз.

    Егер Сіз Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын бұзушылықтарға, сондай-ақ Серіктестіктің қызметінде сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтардың көрініс табу фактілеріне тап болған болсаңыз, болжамды сыбайлас жемқорлық бұзушылықтар туралы ақпаратқа ие болсаңыз, бұл туралы мына байланыс арналары арқылы хабарлай аласыз:

    Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірыңғай Call-орталығының телефон нөмірі бойынша 1424 (қоңырау шалу тегін)

    немесе

    gov.kz электрондық үкімет порталының https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption/activities/population?lang=ru    онлайн-сервисі арқылы (электрондық цифрлық қолтаңбаның болуы талап етіледі - ЭЦҚ)

    немесе

    телеграмм боты арқылы https://t.me/AntikorKZ_Bot

    Бұл ретте, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» Заңының 24 бабының 3-тармағына сәйкес Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін (көрсеткен) адам мемлекеттің қорғауында болады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен көтермеленеді.

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1131 қаулысымен бекітілген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидаларына сәйкес, ұсынылған ақпарат үшін құқық бұзушылықтың ауырлығына байланысты, мынадай тұлғаларды қоспағанда, 30-дан 4000 АЕК мөлшерінде сыйақы төленуі мүмкін:

    1) жедел-іздестіру немесе қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органмен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құпия негізде ынтымақтасатын адам;

    2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтауға, оның жолын кесуге, ашуға және тергеп-тексеруге жәрдем көрсеткен, ол бойынша орындаушы немесе сыбайлас қатысушы болып табылған адам.

    Аталған кепілдіктер көрiнеу жалған ақпарат хабарлаған Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап беруге тиiс адамдарға қолданылмайды.

    ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 439-бабы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпарат бергені үшін жеке тұлғаларға ескерту немесе 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу түрінде әкімшілік жауапкершілікті көздейді.

    ҚР Қылмыстық кодексінің 419-бабының үшінші бөлігі үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау туралы көрінеу жалған жауап бергені үшін қылмыстық жауапкершілікті көздейді.