Өтінімді қаржылық қамтамасыз ету

Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларында (бұдан әрі - Аукциондық сауда-саттық қағидалары) көзделген ережелерге сәйкес генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттыққа қатысу үшін өтінім беруші бірыңғай сатып алушының («ЖЭК жөніндегі ҚЕАО» ЖШС) пайдасына шығарылатын қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз етуді ұсынуы тиіс.

Өтінім беруші SWIFT жүйесі бойынша шығарылатын аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін таңдайды:

  1. банк кепілдігі;
  2. резервтік аккредитив.

2021 жылға арналған генерациялаудың маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесінде (бұдан әрі - кесте) көрсетілетін аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз ету сомасының шамасы тиісті алдын ала ТЭН шеңберінде немесе кестеде көрсетілген ақпаратқа сәйкес айқындалған жобаны іске асыру құнының 1%-ына тең көлемде айқындалады.

Қаржылық қамтамасыз ету аукциондық сауда-саттық өткізілген күннен бастап кемінде күнтізбелік 120 (жүз жиырма) күннің қолданылу мерзіміне ресімделеді және қайтарылмайтын болып табылады.

Бұл ретте жеңімпазға үміткердің аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімін қаржылық қамтамасыз ету мерзімі тиісті аукциондық сауда-саттық аяқталған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы үміткер күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен кем емес мерзімге ұзартуы тиіс.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз етуді алу үшін өтінім беруші өзі аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз етуді шығаратын банкті дербес таңдайды. Аукциондық сауда-саттық қағидаларының 95-тармағына сәйкес банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету ретінде ұсынылатынына назар аударуыңызды сұраймыз:

  1. шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі Standard&Poor's бойынша «В» төмен емес немесе Fitch бойынша «В-» немесе Moody's Investors Service бойынша «В3» төмен емес немесе бас ұйымның рейтингі (ҚР резидент банкі акцияларының 50% астамы тиесілі) Standard&Poor's бойынша «ВВВ» немесе Fitch бойынша «ВВВ» немесе Moody's Investors Service бойынша «Ваа2» деңгейінен төмен емес ҚР резидент банктерінен;
  2. шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі Standard&Poor's бойынша «ВВВ» төмен емес, Fitch бойынша «ВВВ» төмен емес, Moody's Investors Service бойынша «Ваа2» төмен емес ҚР бейрезидент банктерінен.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің банк кепілдігін немесе резервтік аккредитивін резидент банктер осы тармаққа сәйкес бейрезиденттердің қарсы міндеттемелеріне кепілдік шығару жолымен растауы тиіс.

Шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі Standard&Poor's бойынша «ВВВ» төмен емес, Fitch бойынша «ВВВ» төмен емес, Moody's Investors Service бойынша «Ваа2» төмен емес Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері банк кепілдігін немесе резервтік аккредитивті тиісті қарсы міндеттемелерді шығармай шығара алады.

Ескертпе*. Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз етуді алу үшін банкке жүгінгенде, Сіз таңдаған банктің Аукциондық сауда-саттық қағидаларының 95-тармағындаа айқындалған өлшемшарттарға сәйкестігін  міндетті түрде тексеріңіз.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз ету «ЖЭК жөніндегі ҚЕАО» ЖШС пайдасына аукциондық сауда-саттық өткізілетін күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмей шығарылады.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз ету шыққаннан кейін өтінім беруші «ЖЭК жөніндегі ҚЕАО» ЖШС серіктес банкінде аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді шығарылған қаржылық қамтамасыз ету туралы растауы тиіс:

  • «Банк ЦентрКредит» АҚ
  • «ForteBank» АҚ

Электр энергиясының жобаларын іріктеу бойынша генерациялаудың маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінімдерді қаржылық қамтамасыз етуге байланысты барлық банк комиссиялары мен шығыстарын, оның ішінде алушы банктікін (бенефициар) өтінім беруші төлейді.

Банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив түрінде өтінім беруші енгізген аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз ету мынадай жағдайлардың бірі басталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қайтарылады:

  1. қатысушы аукциондық сауда-саттық қорытындыларына сәйкес аукциондық сауда-саттық жеңімпазы болған жоқ (көрсетілген жағдай шарт жасасуға үміткерге қолданылмайды);
  2. аукциондық сауда-саттық жеңімпазы немесе келесі үміткер электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу шартын (бұдан әрі – шарт) жасасты және шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етудің қажетті көлемін енгізді.

Егер аукциондық сауда-саттық жеңімпазы шарт жасасудан жалтарған жағдайда, «ЖЭК жөніндегі ҚЕАО» ЖШС тиісті банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив бойынша төлемге талап қояды.