Дюсенов Жеңіс Есбулатұлы
Дюсенов Жеңіс Есбулатұлы
Бас директордың орынбасары
Дүйсенов Жеңіс Есболатұлы 1984 жылы 4 мамырда Ақмола облысында дүниеге келген.

2006 жылы «Электр энергетикалық жүйелер және олардың желілері» мамандығы бойынша С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетін, 2008 жылы – «Экономика» мамандығы бойынша С. Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетінің жанындағы Біліктілікті арттыру институтын бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы «Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ-да бастаған. 2015-2021 жылдары «ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕАО» ЖШС Жоспарлау және дамыту департаментінің директоры, қаржы-есеп айырысу және тарифтер бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді. 2021 жылдан бастап «KEGOC» АҚ ҰЭТ дамыту департаментінің бас менеджері, директоры болып жұмыс істеді.

2026 жылғы 20 қаңтарда «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС Бас директорының орынбасары болып тағайындалды.