Алеев Сергей Маратович
Алеев Сергей Маратович
Бас директорының орынбасары
Алеев Сергей Маратұлы 1985 жылы 1 қаңтарда Целиноград қаласында дүниеге келген.

2009 жылы «Қаржы» мамандығы бойынша Еуразия гуманитарлық институтын, 2013 жылы – «Құқықтану» мамандығы бойынша Д.А.Қонаев атындағы Гуманитарлық Университетін бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы Астана қаласы бойынша Салық департаментінің Алматы ауданы бойынша салық басқармасында бастаған. 2021 жылдан бастап Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Аудит басқармасының аудит бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді. 2024 жылдан бастап «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ ішкі аудит қызметінің басшысы болып жұмыс істеді.

2025 жылғы 3 қазанда «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС Бас директорының орынбасары болып тағайындалды.