Электр қуаты үшін болжамды сұранысын жабу үшін бірыңғай сатып алушы электр қуатының дайындығын қолдау бойынша қызметті сатып алу туралы шарттарын жасасады (басымдылық тәртібімен):
- жаңадан қолданысқа берілетін, генерациялайтын қондырғылардың құрылысына тендерлердің жеңімпаздарымен (уәкілетті органмен жеке тариф, сатып алу көлемі мен мерзімдері белгіленеді);
- уәкілетті органмен жетілдіруге, кеңейтуге, қайта салуға және (немесе) жаңартуға инвестициялық келісімшартын жасасқан, қолданыстағы энергия өндіруші ұйымдармен (уәкілетті органмен жеке тариф, сатып алу көлемі мен мерзімдері белгіленеді);
- жыл сайын электр қуатының дайындығын қолдау бойынша қызметіне шектік тариф бойынша құрамына жылу электр орталығы кіретін қолданыстағы энергия өндіруші ұйымдармен;
- жыл сайын 25 желтоқсанға дейін сауда-саттықтардың қорытындылары бойынша қалыптасқан, бағалар мен көлемдер бойынша электр қуатын орталықтандырылған сауда-саттықтардың қорытындылары бойынша алдағы күнтізбелік жылға энергия өндіруші ұйымдармен.
Энергия өндіруші ұйымдар электр қуатының дайындығын қолдау бойынша қызметін сатып алу туралы шарттарын жасасу үшін Бірыңғай сатып алушыға келесілерін ұсынады:
- құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері
- заңды тұлғаның деректемелері туралы ақпаратты (банктік деректемелер, мекенжайы, байланыс телефондар, электрондық мекенжайы).
Электр қуатының дайындығын қолдау бойынша қызметін сатып алу туралы үлгілік шарты.