2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап электр қуатының нарығын енгізудің басты мақсаты Қазақстанның энергия жүйесінің теңгерімдік сенімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Теңгерімдік сенімділік - кез келген уақытта электр энергиясына тұтынушы сұранысын қанағаттандыратын энергия жүйесінің қабілеті.
Электр қуатының нарығын енгізу келесілерге мүмкіндік береді:
Қолданыстағы электр энергиясына тарифі екі бөлікке бөлінеді:
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабы 2-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес, Бірыңғай сатып алушы электр қуатының дайындығын қолдау бойынша қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады және электр қуатының жүктемені көтеру үшін дайындығын қамтамасыз ету бойынша орталықтандырылған қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
Тұтынушылар электр қуатының жүктемені көтеру үшін дайындығын қамтамасыз ету бойынша қызметіне барлығы үшін бірыңғай орташа бағасы бойынша төлейді. Осылайша, жаңа генерациясын жасау, электр станцияларын кеңейту және жетілдіру шығындары республиканың барлық тұтынушыларына біркелкі бөлінеді.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 7 қыркүйектегі №357 бұйрығына сәйкес, «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС-і (бұдан әрі - «ЖЭК жөніндегі ҚЕАО» ЖШС-і) электр қуатының дайындығын қолдау бойынша қызметін орталықтандырылған сатып алуын және электр қуатының жүктемені көтеру үшін дайындығын қамтамасыз ету бойынша орталықтандырылған қызмет көрсетуін жүзеге асыратын бірыңғай сатып алушы болып анықталды.
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 6-тармағына сәйкес, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, энергияны беруші ұйымдар және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілері болып табылатын тұтынушылар, бірыңғай сатып алушымен электр қуатының жүктемені көтеру үшін дайындығын қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге шарттарын жасасуға және осы шарттардың негізінде электр қуатының нарығына қатысуға міндетті.
Энергиямен жабдықтаушы, энергияны беруші ұйымдар және көтерме нарық субъектілері болып табылатын тұтынушылар электр қуатын тұтынудың барынша мәндерін әрбір ай сайын көрсететін және оларды алдындағы есептік жылы бірінші тамыз күнінен кешіктірмей жүйелік операторға жолданатын, тұтыну үшін болжамды өтінімдерін жасақтайды.
Барынша тұтыну қуаты тұтынудың орташа сағаттық мәндерінің орташа арифметикалық ретінде, жұмыс күндері сағат 17-00-ден 23-00-ге дейін есептеледі.
Шартта есептік жылға белгіленген, электр қуатының жүктемені көтеру үшін дайындығын қамтамасыз ету бойынша қызметтің көлемі, тұтыну үшін тиісті болжамды өтінімде көрсетілген, тиісті жылы электр энергиясын барынша тұтыну болып табылады.
Шарттық көлемін азайту жағына өзгертуге жол берілмейді
Электр энергиясы нарығындағы көтерме сауда нарығы субъектісінің жұмыс күндеріндегі бақылау уақытында электр энергиясын сатып алу қуатқа шарттық көлемнің шегінде рұқсат беріледі. Шарттық көлемнен асып ету айырмасына айдың фактісі бойынша асып кеткен жағдайында, айыппұл коэффициенттері қолданылады.
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес энергия өндіруші ұйымына, бірыңғай сатып алушымен электр қуатының жүктемені көтеру үшін дайындығын қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге шарты жоқ, электр энергиясын көтерме сауда нарығының субъектілері іске асыруға тыйым салады.
Жүйелік оператор көтерме сауда нарығы субъектілерінің болжамды өтінімдері негізінде,
алдындағы есептік жылы бірінші қазанынан кешіктірмей, алдағы және келесі күнтізбелік жылдарға электр қуатына болжамды сұранысын әзірлейді.
Электр қуаты үшін болжамды сұранысын жабу үшін бірыңғай сатып алушы электр қуатының дайындығын қолдау бойынша қызметті сатып алу туралы шарттарын жасасады (басымдылық тәртібімен):
Энергия өндіруші ұйымдар орталықтандырылған сауда-саттыққа жүйелік оператор генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттаудан соң рұқсат етіледі.
Орталықтандырылған сауда нарығының операторы жыл сайын қараша айының екінші онкүндігінде уәкілетті орган белгілеген тәртібінде алдағы күнтізбелік жылға электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастырады және өткізеді.
Электр қуаты нарығының қатысушылары: жүйелік оператор, бірыңғай сатып алушы, энергия өндіруші ұйымдар, қуат нарығының тұтынушылары, соның ішінде өнеркәсіптік кешендер, орталықтандырылған сауда-саттық нарығының операторы.