Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ЗРК Кәсіпкерлік Кодексінің 124-5 бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бағаларды мемлекеттік реттеу электр энергиясын бірыңғай сатып алушының қызметін жүзеге асыруға байланысты оның шығындары бөлігінде электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату, электр қуатының дайындығын қолдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді орталықтандырылған сатып алу және электр қуатын бірыңғай сатып алушының қызметін жүзеге асыруға байланысты оның шығындары бөлігінде бірыңғай сатып алушының жүктемелерін көтеруге электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді орталықтандырылған сату салаларындағы қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) қолданылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу Қағидаларының нормаларына сәйкес «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы есеп-айырысу орталығы» ЖШС (бұдан әрі – «ЖЭК жөніндегі ҚЕАО» ЖШС) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің атына «ЖЭК жөніндегі ҚЕАО» ЖШС-нің жоғарыда көрсетілген қызмет түрлері бойынша бағаға сараптама жүргізуге арналған ақпарат жіберді.
Ұсынылған ақпаратты қарау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті «ЖЭК жөніндегі ҚЕАО» ЖШС-нің бағасын белгіледі:
- бірыңғай сатып алушының қызметін жүзеге асыруға байланысты оның шығындары бөлігінде электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату бойынша белгіленген баға - 0,0047 теңге/кВт*сағ., ҚҚС-сыз;
- электр қуатының дайындығын ұстап тұру жөніндегі қызметтерді орталықтандырылған сатып алу бойынша және бірыңғай сатып алушының жүктемені көтеруге электр қуатының дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді орталықтандырылған сату бойынша белгіленген баға - 1 269,59 теңге/МВт*ай, ҚҚС-сыз;
2023 жылғы 1 қазаннан бастап Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының және Қуат нарығының қызметтеріне бағалар мен шығыстар сметалары енгізіледі.