Жарияланған күні: 18.01.2024

Орталық Азиядағы пилоттық қысқа мерзімді өңірлік электр энергиясы нарығын дамыту

Өзбекстан Республикасы Энергетика министрлігінің шақыруымен 15-16 қаңтарда ҚР Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының бас директоры Гүлжан Нәлібаеваның Өзбекстан Республикасы Энергетика министрлігінің өкілдерімен кездесуі өтті. Тараптар екі елдің энергетика саласындағы ынтымақтастығы мен даму перспективаларын, Орталық Азияның Біріккен Энергетикалық жүйелеріне электр энергиясын жеткізу мен транзитті талқылады.

Сапар аясында Нәлібаева Гүлжан ҚР-ның Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Атамқұлов Бейбітпен энергетика саласындағы екі елдің өзара қарым-қатынасының өзекті мәселелері бойынша кездесті.

17-18 қаңтарда Ташкент қаласында қазақстандық делегация Дүниежүзілік банктің Орталық Азиядағы электр энергиясының өңірлік нарығындағы байланыстар мен сауданы дамыту жөніндегі «Нарықтың негізгі тұжырымдамалары және жергілікті контекст» семинарына қатысты. Семинар пилоттық сауда платформасын әзірлеу және өңірлік және ұлттық инфрақұрылымдық инвестицияларды қаржыландыру арқылы Орталық Азияның энергетикалық нарығындағы байланыстар мен сауданы дамыту жөніндегі Дүниежүзілік Банктің жобасын дайындау шеңберінде өтеді.

Қазақстандық делегация құрамында ҚР Энергетика және Ұлттық экономика министрліктерінің, «ЖЭК бойынша ҚЕАО» ЖШС, «KEGOC» АҚ және «КОРЭМ» АҚ өкілдері қатысады.