Жарияланған күні: 29.01.2024

Электр энергетика инвестициялық ахуалды жақсарту және инвестициялық жобаларды іске асыруға кедергі келтіретін тосқауылдарды анықтау бойынша акселерация

ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕАО бас директоры Гүлжан Нәлібаева электр энергетика инвестициялық ахуалды жақсарту және инвестициялық жобаларды іске асыруға кедергі келтіретін тосқауылдарды анықтау бойынша акселерацияға қатысты.

Кездесу «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында өтті. Іс-шараны ашу барысында Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов сөз сөйледі.

Іс-шара пленарлық отырыс және топтық жұмыс түрінде өтті, кездесуге қатысушылар инвестициялық жобаларды іске асыруға және электр энергетикасы саласына инвестициялар тартуға кедергі келтіретін факторларды жою бойынша ұсыныстарды талқылады, сондай-ақ практикалық кейстерді талдады.