Жарияланған күні: 04.03.2024

Баку қаласында жасыл энергия жөніндегі Консультативтік кеңес шеңберінде 2-ші министрлік отырысы өтті

1 наурызда Баку қаласында Оңтүстік газ дәлізі бойынша консультативтік кеңес шеңберінде 10-шы министрлік отырысы және жасыл энергия жөніндегі Консультативтік кеңес шеңберінде 2-ші министрлік отырысы ашылды.

ЖЭК бойынша Есеп айырысу-қаржы орталығының бас директоры Гүлжан Нәлібаева Қазақстан Республикасы атынан баяндама жасады. Ол іс-шараға қатысушыларға елдің электр энергетикасы саласын дамыту және ЖЭК секторында мемлекеттік саясатты іске асыру механизмдерін ұсынды.

«Қазақстандағы жаңартылатын энергетика секторының дамуы елдің тұрақты дамуға, инвестиция тартуға және Орталық Азия елдерінің энергетикалық секторында экологиялық тұрақтылықты ілгерілетуге стратегиялық бағдарын көрсететінін атап өткім келеді», - деп атап өтті Гүлжан Нәлібаева.

Іс-шараға Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев, Еуропалық энергетика жөніндегі комиссары Кадри Симсон, Түркия, БАӘ, Италия, АҚШ, Грузия, Румыния, Венгрия және басқа елдердің энергетика саласындағы уәкілетті органдарының және энергетикалық компаниялардың өкілдері қатысты.