Жарияланған күні: 24.05.2024

Ташкент қаласында Орталық Азияның электр энергетикасы жөніндегі үйлестіру кеңесінің 41-ші отырысы өтті

22-23 мамырда Жаңартылатын энергия көздерінің қаржы-есеп айырысу орталығының қызметкерлері Орталық Азияның электр энергетикасы жөніндегі үйлестіру кеңесінің 41-ші отырысына және Ташкент қаласындағы Орталық Азияның үйлестіру электр энергетикалық кеңесі үйлестіру комиссиясының 43-ші отырысына қатысты.

«ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕАО» ЖШС-нің бас директоры Гүлжан Нәлібаева өз құзыреті аясында іс-шараға қатысушыларды Қазақстандағы электр энергетикасының жай-күйі мен дамуы, сондай-ақ жаңартылатын энергетика саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы туралы хабардар етті.

Отырыс барысында Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан өкілдері 2024-2025 жылдың күзгі-қысқы кезеңінде Орталық Азия электр энергетикалық айналма жүйесінде Электрмен жабдықтаудың тұрақтылығын қамтамасыз ету, каскадты ажыратуларды болдырмау мәселелері, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін электр энергетикалық желіге қосу және оларды дұрыс пайдалану, 2024 жылғы вегетациялық кезеңде су тораптары арқылы су ресурстарын ұтымды басқару және өңірдің су ресурстарын ұтымды пайдалану перспективалары мәселелері қаралды.