30-31 мамыр аралығында ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕАО қызметкерлері «Qazaq green» ЖЭК қауымдастығы ұйымдастырған «QazaqGreenFest – 2024» III Халықаралық іскерлік фестиваліне қатысты.
ЖЭК және электр энергетика нарығының қатысушылары ашық диалог форматында Қазақстандағы жаңартылатын энергетиканың жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады.
Фестиваль аясында ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕАО бас директоры Гүлжан Нәлібаева Қазақстанда ЖЭК-тің ірі «гигаватт» жобаларын іске асыру бойынша және бірыңғай сатып алушы мен электр энергетика және ЖЭК объектілерінің нарықтың жаңа моделіндегі жұмысына арналған екі панельдік сессияда сөз сөйледі. Г. Нәлібаева фестиваль қатысушыларын электр энергия және қуат нарығын бірыңғай сатып алушы жұмысының ерекшеліктерімен, сондай-ақ ЖЭК секторында мемлекеттік саясатты іске асыру тетіктерімен таныстырды.
Іс-шараға энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов, ҚР БҰҰДБ Тұрақты өкілінің орынбасары Сухроб Ходжиматов,
Италия елшісі Марко Альберти, Ұлыбритания елшісі Кэти Лич, «Самұрық-Энерго» АҚ, «KEGOC» АҚ, «Acwa Power», «Total Energies Kazakshtan», банк секторы және энергетикалық компаниялардың өкілдері қатысты.