ЖЭК жөніндегі ҚЕАО қызметкерлері «Energy Week Central Asia & Caspian 2024» іс-шарасына қатысты
Астанада Орталық Азиядағы энергетиканың бесінші аптасы – таза және жаңартылатын энергетика саласындағы бастамаларды ілгерілетуге бағытталған іс-шара өтті.
ЖЭК жөніндегі ҚЕАО атынан ЖЭК жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының бас директоры Гүлжан Налибаева сөз сөйледі. Ол іс-шара қатысушыларына Қаржы-есеп айырысу орталығының іске асыратын ЖЭК-ті мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып, Қазақстандағы ЖЭК даму тенденциялары туралы сұрақтарға жауап берді, сондай-ақ B&B кездесулеріне қатысты.
Іс-шара аясында Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Кэти Лич, USAID-тің Орталық Азиядағы өңірлік өкілдігінің директоры Луис Ривера, БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі Катажина Ваверния, «Qazaq Green Association» басқармасының төрағасы Айнұр Соспанова, сондай-ақ энергетика саласындағы және ЖЭК секторындағы жетекші компаниялардың өкілдері сөз сөйледі.