Орталық Азиядағы энергетиканың бесінші аптасы аясында ЖЭК жөніндегі ҚЕАО және КОРЭМ қызметкерлерінің Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Жасыл экономика қорының және «Қырғызстанның ҰЭЖ» ААҚ өкілдерімен кездесуі өтті.
Қаржы-есеп айырысу орталығының Жоспарлау және дамыту департаментінің директоры Замира Ахметова қырғыз әріптестеріне PPA-жобалары бойынша шарттар жасасу рәсімі мен негізгі ерекшеліктері және Қаржы-есеп айырысу орталығы жүзеге асыратын ЖЭК-ті мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып берді. Өз кезегінде «КОРЭМ» АҚ өкілдері Қазақстандағы ЖЭК жобалары бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу тетігін ұсынды.
Кездесу соңында Қырғызстаннан келген әріптестер нақтылайтын сұрақтар қойып, берілген ақпарат үшін алғыстарын білдірді.