Жарияланған күні: 19.09.2024

«Жаңартылатын энергия көздері Орталық Азияда» өңірлік жобасын талқыланды

Энергетика министрлігінің, Қаржы-есеп айырысу орталығының және «KOREM» АҚ-ның қызметкерлері Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамының (GIZ) өкілдерімен «Жаңартылатын энергия көздері Орталық Азияда» өңірлік жобасын талқылады.

Жобаны іске асыру шеңберінде Орталық Азия елдері мен Германия Федеративтік Республикасы арасында энергетика секторында техникалық ынтымақтастық орнату, сондай-ақ өңірде жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін негіздемелік жағдайларды нығайту жоспарлануда.

Кездесуде тараптар Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздерінің жай-күйі мен даму перспективаларын, ЖЭК секторын дамыту, жаңартылатын энергетика саласында пайдаланылатын жабдықтарды кәдеге жарату, электр энергиясын жинақтау жүйелерін пайдалану жөніндегі Еуропа елдерінің тәжірибесін, сондай-ақ энергетика саласында жұмыс істеу үшін Қазақстанда мамандарды даярлау мен оқытуды талқылады.

ЖЭК жөніндегі ҚЕАО департаменттерінің директорлары Замира Ахметова мен Әсел Калимова ЖЭК объектілерімен өзара іс-қимыл шеңберінде орындалатын Қаржы-есеп айырысу орталығының функционалы туралы айтып берді.

Айта кетейік, GIZ Қазақстанда Германия Федеративтік Республикасы Үкіметінің тапсырмасы бойынша жұмыс істейді.