Жарияланған күні: 20.09.2024

Қаржы-есеп айырысу орталығында қызметкерлерге арналған «Мүдделер қақтығысын реттеу» семинары өтті

Қаржы-есеп айырысу орталығында қызметкерлерге арналған «Мүдделер қақтығысын реттеу» семинары өтті

Іс-шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және іскерлік этиканы сақтау мәселелері бойынша қызметкерлерді оқыту және оларға кеңес беру шеңберінде өткізілді.

Энергетика министрінің штаттан тыс кеңесшісі - Қаржы-есеп айырысу орталығының комплаенс-офицері Дәурен Ақшалов ҚЕАО қызметкерлерін «мүдделер қақтығысы» ұғымымен, осындай жағдайларды анықтау және мүдделер қақтығысын реттеу тәртібімен таныстырды, сондай-ақ мүдделер қақтығысының мысалдарын келтірді.

Іс-шара соңында семинар тақырыбы бойынша сұрақ-жауап сессиясы өтті.