Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 60-тармағына сәйкес аукциондық сауда-саттықтардың жеңімпаздары ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне енгізілгеннен кейін: https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/481176?lang=kk, күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен сатып алу шартын жасасу үшін өтінім беретінін еске саламыз.
Электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен электр энергиясын сатып алу шартын жасасуға арналған өтінім үлгісі мына сілтеме бойынша қолжетімді (1-қосымша) : https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500010662
Сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде шарт талаптарының орындалуын 1 кВт орнатылған қуат үшін 10 000 теңге сомасында мына нысан бойынша қаржылық қамтамасыз етуді қамтамасыз ету қажет: https://rfc.kz/res-sector/auctions/financial-support-of-the-application/
Аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімдермен КОРЭМ және Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының сайтында танысуға болады: https://rfc.kz/res-sector/auctions/results/