Қаржы-есеп айырысу орталығының қызметкерлері «Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін интеграциялау үшін энергия жүйесін басқару» тренингіне қатысты.
Тренинг «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығымен бірлесе отырып, «Оңтүстік-Шығыс және Шығыс Еуропа, Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия елдерінде климаттық саясат саласындағы әлеуетті дамыту» GIZ өңірлік жобасы шеңберінде ұйымдастырылды.
Іс-шара аясында жасыл энергияны желіге біріктіруді басқару, аккумуляторлық батареялардың озық технологиялары және энергия жүйесін басқаруға арналған интеллектуалды желілер мәселелері қаралды.
TSCNET Services энергетикалық жүйелер инженері (Германия) Читер Абони Еуропалық Одақтың жаңартылатын энергия көздерін интеграциялаудың жоғары деңгейімен электр жүйелерін пайдалану тәжірибесін ұсынды.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың, жүйелік оператордың, өңірлік энергиямен жабдықтаушы компаниялардың, сондай-ақ ЖЭК қауымдастықтарының өкілдері қатысты.