Жарияланған күні: 19.11.2024

ҚЕАО өкілдері СOR29-ға қатысты

14-16 қарашада Қаржы-есеп айырысу орталығының өкілдері Баку қаласында (Әзірбайжан) БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы - COP29 тараптары конференциясының 29-сессиясына қатысты.

15 қарашада ЖЭК жөніндегі ҚЕАО бас директоры Гүлжан Нәлібаева Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі ұйымдастырған «Жасыл энергетика және инновация: Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері» панельдік сессиясы аясында сөз сөйледі. Ол Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздері секторының жай-күйі, жаңартылатын энергия көздері секторын дамыту жөніндегі мемлекеттік қолдау шаралары, сондай-ақ елде іске асырылып жатқан ЖЭК-тің ауқымды жобалары туралы айтып берді.

«Бүгінгі таңда Қазақстанда электр энергиясын өндіруді 148 ЖЭК нысаны жүзеге асыруда. 2023 жылдың қорытындысы бойынша ЖЭК объектілерінің өндіру көлемі өндірістің жалпы көлемінің шамамен 7% құрады. Қазақстанда ЖЭК секторын дамыту елдің орнықты дамуға, инвестициялар тартуға және энергетика саласындағы экологиялық тұрақтылыққа жәрдемдесуге стратегиялық бағдарлануын көрсетеді.», - деді Гүлжан Нәлібаева өз сөзінде.

Іс-шара аясында қатысушылар Қазақстанның жасыл энергетиканы дамыту, елдің энергетикалық теңгеріміндегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесін арттыру жөніндегі мақсаттары мен перспективаларын, сондай-ақ «жасыл қаржыландыруды» тарту үшін жағдай жасау бойынша Үкімет қабылдап жатқан шараларды талқылады.
Іс-шарада ҚР Энергетика Вице-министрі Сұңғат Есімханов, ЕҚДБ, Азия Даму Банкі және «Masdar» компаниясының өкілдері сөз сөйледі.