СОР29 аясында 16 қарашада Гүлжан Нәлібаева «Жаңартылатын энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттік (IRENA), Кореяның энергетикалық агенттігі және Әзірбайжан Энергетика министрлігі ұйымдастырған «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану үшін электр энергиясын сақтаудың желілік инфрақұрылымы мен жүйелерін жаңғырту» панельдік сессиясы аясында сөз сөйледі.
Сессияда Орталық Азияның электр желілік инфрақұрылымын жаңғырту мәселелері және жаңартылатын энергия көздерін тиімді интеграциялау үшін энергияны сақтау нұсқалары қаралды.
Қатысушылар ЖЭК-ті қолданыстағы инфрақұрылымға, соның ішінде тасымалдау, тарату және сақтауға біріктіруге байланысты қиындықтар мен шешімдерді талқылады.
Іс-шараға IRENA, Әзірбайжан жаңартылатын энергия көздері агенттігінің, Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО), Дүниежүзілік Банктің, LG CNS, БҰҰ-ның энергия тиімділігі жөніндегі Еуропалық экономикалық комиссиясының өкілдері қатысты.