Астанада «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы ұйымдастырған «2024 жылы Қазақстанда жаңартылатын энергетиканы дамыту бойынша жыл қорытындысын шығару» дөңгелек үстелі өтті.
2024 жылы ЖЭК секторын дамыту қорытындылары туралы өз құзыреті шеңберінде Қаржы-есеп айырысу орталығының бас директоры Гүлжан Нәлібаева баяндама жасады.
Ол елімізде 148 ЖЭК нысаны жұмыс істейтінін хабарлады. Қазақстан Республикасы бойынша ЖЭК объектілерінің электр энергиясын өндіруі 2024 жылдың 10 айында 5,6 млрд. кВтсағ құрады.
Қаржы-есеп айырысу орталығы жалпы белгіленген қуаттылығы 4047 МВт болатын 172 келісім-шарт жасасты. «ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕАО» ЖШС арқылы электр энергиясын өткізетін ЖЭК станцияларының саны жалпы белгіленген қуаты 2678 МВт 112 бірлікті құрайды. 2024 жылғы аукциондық сауда-саттықтың қорытындысы бойынша 129,9 МВт жиынтық белгіленген қуатқа 10 келісім-шарт жасалды, 827,5 МВт жиынтық белгіленген қуатқа 38 келісім-шарт жасасу сатысында.
Іс-шараға Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дүйсенбай Тұрғанов, «KEGOC» АҚ, «ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕАО» ЖШС басшылары, жеке сектор өкілдері және тәуелсіз сарапшылар қатысты.
Іс-шара соңында 2024 жылы ЖЭК секторындағы жетістіктердің қорытындысы бойынша марапаттау өтті.
Салалық наградалармен Жоспарлау және даму департаментінің директоры Замира Ахметова, Электр энергиясы нарығы департаментінің ЖЭК бөлімінің бас менеджері Руфат Үсенов және Жоспарлау және даму департаментінің менеджері Әлібек Нығманов марапатталды.
Әріптестерімізді шын жүректен құттықтай отырып, жұмыста табыс тілейміз!