Жарияланған күні: 11.02.2025

Аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесі жарияланды

Аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесі жарияланды

ҚР Энергетика министрлігі 2025 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесін бекітті. Кестемен Энергетика министрлігінің сайтында келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/795552?lang=kk

Сонымен қатар, аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 11-тармағына сәйкес, өтінім беруші Қаржы-есеп айырысу орталығына аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі құжаттарын аукциондық сауда-саттық басталу күніне дейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынуға тиіс.  

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз етуді өтінім берушілер ұйымдастырушыға ұсынады және аукциондық сауда-саттық жеңімпазы болып анықталған жағдайда Қаржы-есеп айырысу орталығымен сатып алу шартын жасауға және сатып алу шартының орындалуын қамтамасыз етуді енгізуге кепілдік болып табылады.