Қаржы-есеп айырысу орталағы бас директорының орынбасары Болат Жұмағалиев KAZENERGY энергетика саласын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысына қатысты.
Отырыста электр желілік компанияларды лицензиялауға қатысты заңнамаға өзгерістер енгізу мәселелері; жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі басымдықтар, сондай-ақ ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қолдауға бағытталған заңнамалық актілердегі өзгерістер; апаттық және жоспардан тыс жөндеулер үшін электр стансаларының жауапкершілігі, сондай-ақ апаттық жағдайлар туындаған жағдайда электр стансаларының жауапкершілігін күшейту жөніндегі шаралар қаралды.
Сонымен бірге, отырыста Үйлестіру кеңесінің 2025 жылға арналған жұмыс жоспары ұсынылды, онда энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту, инновациялық технологияларды енгізу және сектордың инвестициялық тартымдылығын арттыру жөніндегі жұмыстың басым бағыттары баяндалды.
Іс-шараға энергетика секторының жетекші өкілдері, Энергетика министрлігінің қызметкерлері, сондай-ақ салалық қауымдастықтардың өкілдері мен тәуелсіз сарапшылар қатысты.