Қаржы-есеп айырысу орталығының бас директоры Гүлжан Нәлібаева Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа отырысына қатысты. Отырыс Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өтті. Іс-шара аясында Энергетика министрлігінің 2024 жылғы жұмысының қорытындылары шығарылып, 2025 жылға арналған негізгі міндеттер айқындалды.
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев электр энергетикасы саласын дамытуға қатысты өз баяндамасында 2024 жылы энергия өндіру 117,9 млрд кВт/сағ құрағаның, оның 6,4% - ы жаңартылатын көздерге (7,58 млрд кВт/сағ) тиесілі екенін айтты. 2025 жылы Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) жаңа қуатын, сондай-ақ дәстүрлі өндіруші қуатын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл электр энергиясын өндіруді ұлғайтуға және энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Жиынға, Президент Әкімшілігінің, Үкімет Аппаратының өкілдері, Парламент депутаттары, ұлттық компаниялардың, мұнай-газ және энергетика саласындағы ірі кәсіпорындардың басшылары, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен сала ардагерлері қатысты.